Еркін күрес

Софьяда өтетін әлемдік іріктеу турниріне кім қатысады?

Софьяда өтетін әлемдік іріктеу турниріне кім қатысады?
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев Софья қаласында өтетін әлемдік іріктеу турниріне қатысатын балуан туралы пікірін білдірді. Бапкерлер шешімімен Болгарияға Азамат Дәулетбеков аттанады.

- Азамат Алматыда өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінде үшінші орын иеленді. Ал жарыс ережесі бойынша, жолдама тек жеңімпаз балуанға беріледі. Бұл салмақтағы басқа балуандарды да сүзгіден өткіздік. 86 келідегі Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Есқали Дәулетқазы биылғы Азия чемпионатына қатысты. Бірақ жүлделі орыннан көріне алған жоқ. Сол себепті, бапкерлермен ақылдаса келе, осы салмақтағы ел үздігі Азамат Дәулетбековті соңғы лицензиялық турнирге қатыстырамыз деп шештік, - дейді бас бапкер.

Еркін күрестен Қазақстан командасының еншісінде алты лицензияның бесеуі бар. Қазіргі таңда команда мүшелері Әзірбайжанда бірлескен жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер