Бокс

Трилогия қашан? Сауль Альварестің биылғы жоспары хабарланды

Трилогия қашан? Сауль Альварестің биылғы жоспары хабарланды
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес биыл желтоқсанда жұдырықтасуы мүмкін. Мексикалық боксшы оған дейін екінші орта салмақта екі белбеуді беліне байламақ. Бұл туралы Boxing247.com журналисі Джеймс Слэтер жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазір өзін екінші орта салмақта өзін сенімді сезінетін Канело сол жақта қалатынын айтады. Оның алдағы жоспары мынадай: 8 мамырда Билли Джо Сондерсті 168-фунттағы WBO белбеуінен айыру, кейін Калеб Плантқа аттанып, IBF белбеуін иелену — бұл қыркүйекте болатын шығар. Артынша кім біледі (мүмкін, Геннадий Головкинге қарсы үшінші және соңғы жекпе-жек өткізіп қалар?)», — деп жазды журналист.

Сарапшының пікірінше, Головкин - Альварес жекпе-жегі желтоқсанда өтуі ықтимал. Алайда бұған дейін Головкин 31 желтоқсанда Жапонияда орта салмақта WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Риота Муратаға қарсы жекпе-жек өткізетіні хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер