Қазандағы Grand Slam турнирі көрермендердің қатысуымен өтеді

Қазандағы Grand Slam турнирі көрермендердің қатысуымен өтеді

Дзюдодан Ресейдің Қазан қаласында өтетін Grand Slam турниріне көрермендер де қатыса алады. Бұл туралы Еуропа дзюдо одағы хабарлады.

Турнир 5-7 мамыр аралығына жоспарланған.

Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазандағы Grand Slam турнирінде залдың 50 пайызын жанкүйерлермен толтыруға мүмкіндік берілді.

Алайда, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) барлық санитарлық талаптар сақталые, көрермендермен дұрыс жұмыс істеуді міндеттеген.

Айта кетелік, Париж қаласында өтуі тиіс дзюдошылар додасы Франция тарапы бас тартқан соң, Қазанға ауыстырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или