Әлем футболы

УЕФА Суперлига қатысушыларын қатаң санкциялармен қорқытты

УЕФА Суперлига қатысушыларын қатаң санкциялармен қорқытты
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА еуропалық Суперлигаға қатысатын футболшылар мен клубтарға санкция енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаза қандай болуы мүмкін екенін италиялық журналист Николо Скира Твиттерде жазды: «УЕФА Суперлигаға қарсы. Суперлигаға қатысатын кез келген ойыншы мен клуб УЕФА мен ФИФА ұйымдастыратын еуропалық және халықаралық барлық жарыстан шеттетіледі».

Қазіргі уақытта еуропалық 12 топ-клуб Суперлигаға қатысатынын хабарлады. Бұл - «Милан», «Арсенал», «Атлетико», «Челси», «Барселона», «Интер», «Ювентус», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», мадридтік «Реал» мен «Тоттенхэм».

Турнирде 20 команда (15 негізін қалаушы клуб пен өткен маусымның үздік 5 клубы) ойнайды деп жоспарланып отыр.

«Бірнеше клубтың жеке мүддесіне негізделген». УЕФА, АПЛ, Ла Лига мен А сериясы Суперлигаға қарсы шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер