«Реал» футболшылары өз клубына қаржылай көмектесудің амалын тапты

«Реал» футболшылары өз клубына қаржылай көмектесудің амалын тапты

Мадридтік «Реал» футболшылары коронавирус пандемиясына байланысты қаржылық қиындыққа тап болған клубына көмектеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

АВС мәліметінше, ойыншылар Чемпиондар лигасы не Ла Лигада жеңіске жетсе, бір немесе екі бонусынан да бас тартады. Мұндай үнемнің арқасында «Реал» 30 миллион еуродан қаражатты бюджетінде сақтап қалады. 2019/20 жылғы маусымда да футболшылар чемпионатты жеңіп алған соң, осындай қадамға барған. 

«Реал» Испания чемпионатының 30-турынан кейін екінші орында келеді. Сондай-ақ, мадридтіктер Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан, олар «Челсимен» кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или