Күрес

Азия чемпионаты: Талғат Сырбаз бен Әлішер Ерғали финалға шықты

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионатында еркін күрес бойынша бәсекелер басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Еркін күрес шеберлері жарыстың алғашқы күнінде 57-65-70-79-97 келі салмақ дәрежелерінде құрлықтық біріншіліктің жүлдесін сарапқа салады.

Қазақстандық Талғат Сырбаз Азия чемпионатындағы жеңісті жолын сәтті жалғастыруда. 70 келіге дейінгі салмақта кілемге шыққан ол жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Сеюнг Бо Лидді 6:2 ұпайымен жеңді.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әлішер Ерғали жартылай финалда моңғолиялық қарсыласын 6:2 есебімен ұтты. Ол финалда Иран балуаны Али Халил Шабанибенгармен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер