Әлем футболы

Месси үш жейдесін 50 мың вакцина дозасына айырбастады

Месси үш жейдесін 50 мың вакцина дозасына айырбастады
news-banner7
mobile-news-top

Аргентина құрамасының көшбасшысы Оңтүстік Америкадағы барлық футболшының вакцина алуы үшін жағдай жасап жатыр, бірақ оның бұл бастамасы көпшіліктің сынына ұшырады, деп жазады 24.kz.

«Барселона» мен Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси COVID-19-ға қарсы 50 мың екпені барлық оңтүстікамерикалық футболшылар үшін сатып алып бермек. Алғашқы партия Аргентинадағы 26 футбол клубына жеткізілген.

Қытайдың Sinovac фармацевтикалық фирмасымен тиісті келісім жасалды. Ол үшін Месси компанияға өзінің қолы қойылған үш жейдесін сыйға тартты.

Леоға келісім жасасуға Уругвай президенті Альберто Локалле көмектескен. Жұқтырғандар саны бойынша алда тұрған мемлекеттің халқы президенттің бұл тірлігіне ашулы. Уругвайлықтар бай футболшыларды емес, алдымен қорғалмаған тұрғындарды вакциналау керек дегенді алға тартады. Бұл пікірге аргентиналықтар да қосылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер