«Мені тағайындаған сен бе едің?!»

«Мені тағайындаған сен бе едің?!»
news-banner7
mobile-news-top

«Атыраудың» 15 жанкүйері «мұнайшылардың» директоры Қоныспай Шпановпен кездесіп, сөйлекпек болған, бірақ клуб басшысы кездесуге шықпады, деп хабарлайды Prosports.kz «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Жанкүйерлердің айтуынша, Шпанов оларды кездесуге өзі шақырған:

«Қоныспай Шпановты жанкүйерлердің ортақ чатына қостық. Жиналу керегін, талаптарымыз барын жаздым, ол «Бекжан, өзің кел, сөйлесейік» деді. Бірақ мен жалғыз емес, басқа да жанкүйерлермен бардым. Біз барған кезде, телефоным арқылы бейнеқоңырау шалып, «Отставкаға кетуің керек» деп айттым. Ол «Мені тағайындаған сен бе едің?!» деп жауап берді, кейін көлігіне отырып, кетіп қалды», - деп келтірді жанкүйерлердің бірінің сөзін «Ақ Жайық».

«Атырау» жанкүйерлері клуб басшысымен команданың кадрлық саясаты туралы сөйлесіп, Шпановтың «мұнайшылар» директоры қызметінен кетуін талап еткен.

«Егер жақын арада клуб басшысы отставкаға кетпесе, түрлі әрекетке барамыз, Президент Әкімшілігі, ҚФФ мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінеміз. 10 жылға сенімгерлік бақылау келісімін алып тастап, клуб қала әкімдігіне оралуын талап етеміз. «Атырау» ФК жеке кәсіпкердің қолына өтіп, жергілікті бюджеттің ақшасы жұмсалмайтын кезге дейін әкімдікте болсын», – дейді фанаттар.

Бірақ жиналған жанкүйерлерді ешкім тыңдамады. «Судоремонтник» стадионының күзетшісі полиция шақырамын деп қорқытқан соң, жанкүйерлер тарауға мәжбүр болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер