Айдос Сұлтанғали Азия чемпионы атанды

Айдос Сұлтанғали Азия чемпионы атанды

Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Айдос Сұлтанғали ел қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали финалда ирандық Мехди Нижадты 8:4 есебімен жеңіп, алтын медальді иемденді.

Бұған дейін Азия чемпионатында 63 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы алғашқы алтынды алған еді. 

Түпнұсқасы: Prosports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0