Грек-рим күресі

Жадыраев: Алға қойған мақсатыма жете алмадым

Жадыраев: Алға қойған мақсатыма жете алмадым
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері Демеу Жадыраев Олимпиада комитетінің сайтына сұхбат беріп, турнирді қорытындылады, деп жазады Prosports.kz.

- Шыны керек, Азия біріншілігінде алға қойған мақсатыма жете алмадым. Бұрынғы қателігімді тағы да қайталадым. Баспен де жұмыс істеу керек еді. Дайындық ойдағыдай өткен. Тактикалық тұрғыдан ұтылдым деп ойлаймын. Тәжікстан балуанымен осы турнирде алғаш рет кездескен едім. Барлық көрсеткіштер бойынша қарсыласымнан бір бас жоғары болғанмын. Бірақ жарысқа барлық спортшылар дайындалып келеді. Кілемде мұндай жағдайлардың кездесетіні рас.

Әрине, жанкүйерлер алдында жеңілу оңай емес. Маңызды сәтте жеңіліп, қайтадан жиналу үлкен рухты, күшті талап етеді. Өзімді әбден мүжідім, қатты қиналдым. Оның үстіне, үшінші орынға күресу де жүйкеге біраз күш түсіреді. Бапкерлерімнің қолдауымен жанкүйер алдына қайта шығып, қола алған жайым бар.

Енді мұнымен тоқтап қалмаймыз. Олимпиадаға іріктеу турнирі қарсаңында команда оқу-жаттығу жиынына қайта жиналады. Сол кезде барлық қателігімізді айтып, күресімізді қайтадан талқылаймыз. Бізге тілеулес болған барша жанкүйерге рахмет, - деді Жадыраев.

Демеу Жадыраев Азия чемпионатына 77 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер