Сұлтан Әсетұлы Азия чемпионатында топ жарды

Сұлтан Әсетұлы Азия чемпионатында топ жарды

Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті. Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы топ жарды деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК сілтеме жасап.

<span> Ересектер қатарына енді өтіп, былтырғы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен Сұлтан құрлықта да қарсылас шыдатқан жоқ. Финалда қазақстандық балуан ирандық Мейсам Далханиді мерзімінен бұрын жеңді.  </span>

<span>Алдымен ирандық спортшы үш ұпай алып үлгерген. Кейін Сұлтан тік тұрып әдіс жасап, есепте алға шықты. Ал белдесудің екінші жартысында қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады.  </span>

<span>Бұл 20 жастағы Сұлтан Әсетұлының халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі жеңістерінің бірі. Бұған дейін Сұлтан Италиядағы рейтингілік турнирде күміс алған болатын. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или