Күрес түрлерінен лицензиялық турнир аяқталды

Күрес түрлерінен лицензиялық турнир аяқталды

<span>Алматыда күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі аяқталды.  </span>

<span>Соңғы жарыс күнінде өткен еркін күрес шеберлерінің бәсекесінде қазақстандық Юсуп Батырмұрзаев олимпиада жолдамасын және турнирдің алтын медалін жеңіп алды.  </span>

<span>125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юсуп финалда моңғолиялық Лхагвагерел Мунхтурды 4:2 есебімен жеңіп, аса ауыр салмақтағы балуандар додасында топ жарды.  </span>

<span>Айта кетелік, Юсуп Батырмұрзаев еркін күрестен Қазақстан командасының бесінші жолдамасын қоржынға салды. 86 келідегі Азамат Дәулетбеков жартылай финалда мүлт кетіп, бұл салмақтағы лицензия мәселесі Болгарияда өтетін әлемдік турнирде шешілетін болды. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или