Футзал

Серік Жаманқұлов Қазақстан құрамасындағы соңғы ойынын өткізеді

Серік Жаманқұлов Қазақстан құрамасындағы соңғы ойынын өткізеді
news-banner7
mobile-news-top
Қазақ футзалының аңызы Серік Жаманқұлов ұлттық құрамадағы соңғы ойынына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

Біздің құраманың бас бапкері Рикардо Кака 37 жастағы ардагер ойыншыны 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Израиль құрамасына қарсы алаңға шығатын ойыншылардың тізіміне қосты.

Серік Жаманқұлов алматылық «Қайраттың» қатарында еліміздің он дүркін чемпионы атанып, екі мәрте УЕФА Кубогын иеленді.

Қазақстан құрамасының сапында 2016 жылы Сербияда өткен Еуропа Чемпионатының қола жүлдегері атанды. Турнирде өткен бес ойында қарсыластарының қақпасына (Ресей, Хорватия 2 гол, Италия, Испания және Сербия) алты гол соғып, турнирдің үздік сұрмергендерінің бірі атанды.

Ойыншы ұлттық құраманың жейдесімен 58 рет алаңға шығып, 22 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер