Олимпиадаға іріктеу: Дәулетбеков жартылай финалға өтті

Олимпиадаға іріктеу: Дәулетбеков жартылай финалға өтті

Алматыда күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирінің соңғы жарыс күні басталды. Бүгін еркін күрес шеберлері Олимпиада жолдамасын сарапқа салады. 

Қазақстандық еркін күрес шеберлері 86 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада лицензиясынан үмітті. 

86 келіде белдескен Азамат Дәулетбеков алғашқы кездесуін Оңтүстік Корея өкілі Гвон Хек Беммен кездесіп, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады.  Жалпы есебі бір минутқа жетпеген жекпе-жекте Азамат 10:0 есебімен таза жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық балуан жартылай финалға жолдама алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или