Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері
<span>Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының командалық сынында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz. </span>
<span>Бішкекте өтіп жатқан Құрлықтық біріншіліктің финалында ел құрамасы Оңтүстік Кореяға 4:2 есебімен жол берді. Жансай Смағұлов пен Зере Бектасқызы командаға ұпай алып келсе, Севара Нишанбаева, Ислам Бозбаев, Камила Берліқаш және Ерасыл Қажыбаев қарсыластарын жеңе алмады. </span>
<span>Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатын жекелей сында 1 күміс, 2 қола, командалық сайысты күміс жүлдемен аяқтады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или