Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

Грек-рим күресінен Алматыда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде 87 келіге дейінгі салмақта жартылай финал белдесулері бітті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Жартылай финал жеңімпаздары алтын медальға таласқаннан бөлек, Токио Олимпиада ойындарына лицензия алды. Жартылай финалда қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов та белдескен, ол үндістандық Кумар Сунилмен кездесті.

Тұрсынов қарсыласын 9:5 есебімен жеңді. 

Финалда Нұрсұлтан Тұрсынов қытайлық Пэй Фэймен кездеседі. Қазақстандық балуан Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или