Олимпиадаға іріктеу: Тұрсынов бірінші белдесуде жеңіске жетті
<span>Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирін қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов жеңіспен бастады, деп жазады Prosports.kz Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап. </span>
<span>Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Тұрсынов алғашқы айналымда жапониялық Масато Сумимен кездескен болатын. Тартысты белдесуде 5:3 есебімен Нұрсұлтан жеңіске жетті. </span>
<span>Бұған дейін 67 және 97 келіге дейінгі салмақтарда белдескен Мейіржан Шермаханбет пен Олжас Сырлыбай жеңіліске ұшыраған болатын. </span>
<span>Айта кетейік, Алматыдағы іріктеу турнирінде финалға шыққан балуандар Токио Олимпиадасының жолдамасын еншілейді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или