Дзюдо

Дзюдодан Азия чемпионаты: Ислам Бозбаев жартылай финалға шыға алмады

Дзюдодан Азия чемпионаты: Ислам Бозбаев жартылай финалға шыға алмады
news-banner7
mobile-news-top

Бішкекте дзюдодан Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жекелей бәсекенің соңғы жарыс күнінде татамиге шыққан Ислам Бозбаев ширек финалда қарсыласына жол берді. 90 келіге деінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол тәжікстандық Комроншах Истопироннан ұтылып қалды.

Енді отандасымызға жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік берілді. Оның кбезекті қарсыласы қырғызстандық Ерлан Шеров болмақ.

Айта кетерлігі, жарыстың үшінші күнінде ерлер 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақта, ал әйелдер 78 келіге дейінгі және 78 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер