Бокс

Геннадий Головкин 39 жасқа толды

Геннадий Головкин 39 жасқа толды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 39 жасқа толды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1982 жылы 8 сәуірде орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин дүниеге келген. GGG бүгін 39 жасқа толды.

Головкин орта салмақ тарихындағы нокауттар пайызында көрсеткіші ең жоғары боксшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Головкин кәсіпқой карьерасында 43 жекпе-жек өткізген, оның 41-інде жеңіске жеткен, 36 қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген.

Қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында АҚШ-та өткізіп, польшалық Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғап қалған еді. Осылайша, титул қорғау бойынша Головкин рекорд орнатқан еді.

GGG келесі жекпе-жегін мамырда өткізеді деп хабарланған, оның қарсыласы мексикалық Хайме Мунгия немесе жапониялық Риота Мурата болуы мүмкін.

Prosports.kz редакциясы қазақстандық боксшыны туған күнімен құттықтап, денсаулық, спортта одан да көп жетістіктер тілейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер