Бокс

Жанқош Тұраров коронавирус жұқтырып шаршы алаңға шыға алмады

Жанқош Тұраров коронавирус жұқтырып шаршы алаңға шыға алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (24-0, 17 КО) Дубайдағы жекпе-жегі неге өтпейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бокс кешінің ұйымдастырушысы D4G Promotions Жанқош Тұраров жекпе-жектен бас тартқанын хабарлады.

- Бүгінгі турнирде өкінішке орай өнер көрсете алмайтын болдым. Барлығы дүние жүзін жаулап тұрған короновирусқа байланысты. Дубайға келген күннен бастап ентігу, температура, мұрынның бітуі, дәм сезбеу симптомдары пайда болды. турнирге шығар алдында міндеттелген ПЦР тест оң нәтиже көрсетіп, мені қонақ үй номерінде оқшаулады, салмақ өлшеу рәсіміне шығарылмауымның себебі осы болды!

COVID-19 қайтадан ПЦР өткізуді өтіндік, өкінішке орай бүгінгі нәтиже тағы да "оң" көрсетті. Айналама, қоршаған ортама деген жауапкершілікті сезіне отырып, коронавирустың тез жұқпалы екенін ескере отырып турнирден шектетілдім, - деп жазды боксшы.

Аталмыш кештің басты айқасында Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын солтүстік ирландиялық Тайрон Маккеннаға (21-2-1, 6 KO) қарсы жұдырықтасуы керек еді.

Ал екінші қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) венесуэлалық Эбер Рондонға (20-0, 13 КО) қарсы кездесуде өзіне тиесілі бірінші орта салмақтағы WBC International титулын қорғайды.

Дубайдағы бокс кешінің тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер