Польша құрамасының қақпашысы коронавирус жұқтырды

Польша құрамасының қақпашысы коронавирус жұқтырды

«Болонья» мен Польша құрамасының қақпашысы Лукаш Скорупски коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>«Чемпионатқа» сілтеме жасап. 

Футболшыда 25 наурызда вирус симптомдары байқала бастаған. Скорупскидің сынағы оң нәтиже көрсетіп, қақпашы командадан оқшауланды. Бұған дейін Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Матеуш Клихтан да COVID-19 табылған.

Еске салайық, 28 наурызда Польша құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андоррамен кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или