Ресми: Қазақстан - Франция матчына жанкүйерлер кірмейді

Ресми: Қазақстан - Франция матчына жанкүйерлер кірмейді

Қазақстан футбол федерациясы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан - Франция матчына жанкүйерлер кіре алмайтынын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өкінішке қарай, 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчындағы Қазақстан - Франция ойынын жанкүйерлер стадионнан тамашалай алмайтынын хабарлауға мәжбүрміз.

Әлем чемпионына қарсы ойын Қазақстан үшін үлкен футбол мерекесі екені айқын. Жанкүйерлерге ойынды стадионнан тамашалауға рұқсат беріледі деп соңына дейін үміттендік.

Жанкүйерлердің аренаға қайта оралуы жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мен Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері арасында келіссөздер соңғы сәтке дейін жүргізілді.

COVID-19 індетінің таралуына жол бермеуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз», — деп жазды ҚФФ.

Айта кетейік, матч 28 наурыз күні «Астана Аренада» өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или