Нұрмахан Тінәлиев: Мансабымды аяқтаған жоқпын

Нұрмахан Тінәлиев: Мансабымды аяқтаған жоқпын

Ауыр салмақта грек-рим балуаны карьерасын аяқтамағанын мәлімдеді. Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Нұрмахан Тінәлиев жарақатынан айыққанын, енді жарыстарға дайындалып жатқанын айтты.

– Нұрмахан, жағдайыңыз қалай?

– Рақмет, бәрі керемет, таяуда оқу-жаттығу жиынынан оралдық, Алматы облысы Бәйтеректегі базада дайындалдық.

– Бұл жақсы жаңалық. Жанкүйерлер сізді карьерасын аяқтады деп ойлаған. 

– Жоқ (күліп). Әзірше ондай ойым жоқ.

– Ресми жарыстарда соңғы рет қашан белдестіңіз?

– Былтыр қаңтарда Франциядағы Гран-приде. Финалда белдесуге шықпай, екінші орын алдым.

Алдыңғы олимпиадалық кезеңдерде ешқашан бірде-бір турнирді жібермейтінсіз, Риодағы Ойындардан кейін ұзақ үзіліс болды. Бұған не себеп?

– Ескі жараларды емдеу керек болды: омыртқа жарығы, тіземе ота жасалды. Қазір бәрі жақсы, Федерацияға қолдауы мен көмегі үшін рақмет. Шынында да, 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында мен жарақатпен күресіп, екінші орын алдым. Азия ойындарынан кейін бір жылға жуық емделдім. 2019 жылдың қарашасында Мәскеу Гран-приінде, желтоқсанда Алматыда Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерінен Конфедерация кубогында, ал былтыр қаңтарда Францияда өнер көрсеттім. Содан кейін Қазақстанда және әлемде коронавирусқа байланысты карантин басталды, ешқайда шығармады.

– Сәуірде Алматыдағы лицензиялық турнирге немесе Азия чемпионатына қатысасыз ба?

– Әзірше ештеңе айта алмаймын, құрамды әлі жарияламады. Дайындықты жалғастырамыз.

– Нұрмахан, ауыр салмақтағы қазіргі жағдай қандай, сіздің басты спарринг-серіктесіңіз және қарсыласыңыз Дамир Күзембаев мансабын аяқтады, енді бәсекелес болатындар бар ма?

– Жақсы жігіттер бар, мысалы, Мансур Шадукаев, шымкенттік жас Әлімхан Сыздықов ауыр салмаққа ауысты, биыл ол Қазақстан чемпионы атанды. Басқа да мықты балуандар бар. Дивизион бір орында тұрмайды, жаңа таланттар шығып жатыр.

Еске салайық, Тынәлиев карьерасында үш рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Екі мәрте Азия ойындарының жеңімпазы, екі мәрте Азия чепмионы болған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или