Футзалдан Қазақстан чемпионатында «Атырау» «Ақтөбеден» басым түсті
                  Футзалдан Қазақстан чемпионаты төртінші айналымының соңғы матчтары өтіп жатыр. Батыс дербиінде «Атырау» мен «Ақтөбе» кездесті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Тұрақты чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда «Ақтөбе» турнир кестесінде кем дегенде екінші орын алып қойды. Ал үшінші орындағы «Атырауға» жеңіс қажет болды.
«Атырау» ойыншылары бұл ойында жеңіске жетті - 4:3. Мартинш Синезионың дублі, Манек Родригес пен Болат Сарбасовтың голдары «Атырауға» жеңіс сыйлады. «Ақтөбе» сапында екі рет Део, бір мәрте Бекжан Дәулетов көзге түсті.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или