Командалық

«Цмоки-Минск» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы

«Цмоки-Минск» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 21 наурызда «Астана» баскетболшылары ВТБ Бірегей лигасы тұрақты маусымы аясында сырт алаңда «Цмоки-Минск» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Беларусь астанасының клубы лиганың аутсайдерлерінің бірі. Сондықтан алдағы кездесуде елордалық команда жеңіске ұмтылғаны жөн. Сонда ғана плей-офф кезеңіне жолдама беретін аймаққа жақындайды.

Тағы бір айта кетерлігі, бүгін жеңіске жеткен кез-келген команда ұзаққа созылған сәтсіз сериясына нүкте қояды. Өйткені «Астана» ВТБ Біріккен лигасы аясындағы алты ойында қатарынан жеңілді. Ал минскілік команда жеті кездесу бойы жеңіске жете алмай жүр.

«Цмоки-Минск» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 18:300-де басталады. Ойынды Qazsport телернасынан, елордалық клубтың сайтынан тікелей эфирде көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер