Ерасыл Қажыбаев: Азия ашық кубогында жеңіске жету мен үшін аса маңызды болды
<span>Ақтауда Т.Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан Азия ашық кубогы мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға олимпиадалық рейтингте 100 ұпайдан қосылды. </span>
<span>Осыған орай, 100 келіден жоғары салмақта топ жарған Ерасыл Қажыбаев Olympic.kz сайтына жарысты қорытындылап берді. </span>
<span>– Бұл жарысқа қатысудағы басты мақсатым - олимпиадалық рейтингке ұпай еншілу. Жақсы күресіп, толық 100 ұпайды иелендім. Осы жарыста жеңіске жету мен үшін аса маңызды болды. Мақсатымды орындап, чемпион атанғаныма қуаныштымын. </span>
<span>Бір мемлекеттен екі балуандарды есептемегенде, осы жарыс қорытындысы бойынша рейтингте 24-ші орынға көтерілемін. Олимпиада ойындарына дейін тиісті ұпайды толық жинап, жолдаманы қолдан жібермеуге тырысамын, -дейді дзюдошы.</span>