Мағжан Шамшадин: Азия кубогы отандық «Мастерс» секілді

Мағжан Шамшадин: Азия кубогы отандық «Мастерс» секілді

Ақтауда дзюдодан ересектер арасында Азия ашық кубогі аяқталды. 60 келіде жеңімпаз атанған Мағжан Шамшадин Olympic.kz сайтына жарысты қорытындылады.

«Жасыратыны жоқ, біз бәріміз күресті сағынып жүрміз. Пандемия кезінде республикалық жарыстар аз, әлемдік бәсекелерде Олимпиадаға лицензия тартысты өтіп жатыр. Бүгінгі ұйымдастырылған бәсеке біз сияқты жас спортшылар үшін шеберлігін шыңдап, бақ сынауға өте жоғары мүмкіндік болды. Өзбекстан мен Ресей құрамаларының қарсыластары оңай болған жоқ. Қазақстандық спортшылар үшін Қазақстанның «Мастерс» турнирі болды. Әлемдік «Мастерсте» рейтингтегі үздік 16 дзюдошы қатысса, Қазақстанда да солай тек кіл мықтылар жиналды», - дейді Мағжан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или