Қысқы

Алдабергенов әлем кубогы кезеңінде финалға шықты

Алдабергенов әлем кубогы кезеңінде финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасынан финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезінде ол 79,38 ұпай жинап, оныншы орынмен финалға өтті. Өкінішке орай, қалған қыздарымыз шешуші кезеңге өте алмады. Маржан Ақжігіт - 16-шы (65.20), Ақмаржан Қалмұрзаева - 18-ші (62.93) сатыдан көрінді.

Ресейлік Любовь Никитина іріктеу кезеңінде жеңіске жетті (93,76).

Еске сала кетейік, бір жыл бұрын Алматыда өткен әлем кубогы кезеңінде Жанбота Алдабергенова үшінші, ал жақында өткен әлем чемпионатында жекелей сында сегізінші, командалық жарыста жетінші болды.

Жарыстың финалы бүгін елорда уақытымен 13:00-де өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер