Киберспорттан студенттік лиганың екінші маусымы мәресіне жетті

Киберспорттан студенттік лиганың екінші маусымы мәресіне жетті

Былтыр күзде Қазақстан киберспорт федерациясы (Qazaq Cybersport Federation) Ұлттық Олимпиада комитеті, Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры және «Халық» қайырымдылық қорымен бірге Kazakhstan Esports Student League - киберспорттан студенттер лигасының бірінші маусымын өткізді.

Енді турнир тұрақты түрде өтеді және биыл 15 ақпанда екінші маусымның іріктеу кезеңі басталды, онда қазақстандық студенттер 1 миллион теңге жүлдеқорына таласты. Турнир төрт түрлі сайысқа бөлінді: Starcraft 2, Dota 2, CS:GO, FIFA 2021. KESL-дің сәтті бірінші маусымынан кейін Qazaq Cybersport Federation Kazakhstan Esports Student League екінші маусымына қатысу үшін серіктес университеттер іздеді. Нәтижесінде жаңа маусымда ЖОО саны 12-ге артты. Олардың ішінде: ХАТУ, ҚБТУ, UIB, Astana IT University, АЭжБУ, ҚазҰУ, Satbayev University, Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ, Toraighyrov University, Сафи Өтебаев атындағы АМЖГУ, Назарбаев Университеті және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ. Екінші маусым 10 наурызда аяқталды.

Жеңімпаздар тізімі:

StarCraft 2:

1-орын - Winstorm – 70 000 теңге - Satbayev University

2-орын - ilyas.osipov – 30 000 теңге - МУИТ

3-орын - nursak – 20 000 теңге - Назарбаев Университеті

FIFA 21:

1-орын - rvkhishov – 70 000 теңге - Назарбаев Университеті

2-орын - Vermouth – 30 000 теңге - АЭжБУ

3-орын - madi_kush – 20 000 теңге - Назарбаев Университеті

Dota 2:

1-орын - Olympus – 200 000 теңге -  Назарбаев Университеті

2-орын - Aitu Esports – 100 000 теңге - Astana IT University

3-орын - Nightworkers – 50 000 теңге - Toraighyrov University

PUBG Mobile:

1-орын - 160 000 теңге - No Panic KazGU - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

2-орын - 90 000 теңге - WinQ Gaming - АЭжБУ

3-орын - 60 000 теңге - 103 Team - Toraighyrov University

4-орын - 50 000 теңге - Dementors Gaming - ХАТУ

5-орын - 30 000 теңге - BOT team - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

6-орын - 20 000 теңге - Remix eSports – UIB

Еске салайық, былтыр Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті, Qazaq Cybersport Federation және Студенттік киберспорт ұлттық қауымдастығы студенттердің электронды спорт түрін дамыту туралы меморандумға қол қойған, ол студенттер арасында киберспорттан Қазақстан ұлттық чемпионатын тұрақты өткізіп қана қоймайды, сонымен қатар университеттердің үздік командаларын халықаралық жарыстарға шығаруға атсалысады.

QCF вице-президенті Евгений Богатырёвтің айтуынша, Ұлттық олимпиада комитеті, Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры және «Халық» қайырымдылық қоры сияқты ірі ұйымдардың қолдауы Қазақстандағы киберспортты дамыту векторының дұрыс бағытта екенін білдіреді. Оның пікірінше, мұны KESL-ға қатысушы университеттер санының артуы дәлелдейді. «Сонымен қатар, біз жоғары оқу орындарында оқитын жастарға үлкен мүмкіндіктер жасағанымызға қуаныштымыз. Қазіргі кезде киберспорт барлық басқа спорт түрі сияқты дарынды жастарды әлеуметтік тұрғыдан көтере алады. Адамдардың бұл туралы түсінігін неғұрлым егжей-тегжейлі қалыптастырған сайын, сала соғұрлым тез дамиды», - деді Богатырёв.

Еске салайық, KESL және басқа да ірі турнирлердің ресми ойындары Pinger Pro ұлттық онлайн-платформасы базасында өткізіледі. Жалпы, киберспорт Қазақстанда спорт түрі ретінде ресми түрде тіркелген сәттен бастап (2018 жылғы маусым соңында) Pinger Pro платформасында киберспорттың әр түрі бойынша әуесқойлар арасындағы жарыстардың тұтас сериясы басталды. Екі жылдан сәл астам уақытта QCF пен оның серіктестерінің қолдауымен бұл платформада әр түрлі көлемдегі 140-тан аса турнир өткен, бірақ олардың бәрі әуесқой деңгейде болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или