Томас Бах ХОК президенті болып қайта сайланды

Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі<span> </span>Inside the Games басылымына сілтеме жасап.
Бах президент қызметіне жалғыз кандидат болды. ХОК 137-сессиясында оған 93 адам дауыс берген ХОК-тың бір мүшесі қарсы болған.
Бахтың президент қызметіндегі жаңа мерзімі биыл 23 шілде мен 8 тамыз арасында өтетін Токио Олимпиадасынан кейін басталады.
67 жастағы германиялық заңгер Томас Бах - ХОК президенті болған тоғызыншы адам. Ол комитетті 2013 жылдан бері басқарып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или