Қысқы

Жарыстан алған әсерім керемет - Анастасия Городко әлем чемпионатындағы жүлдесі жайлы

Жарыстан алған әсерім керемет - Анастасия Городко әлем чемпионатындағы жүлдесі жайлы
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда фристайлдан өтіп жатқан әлем чемпионатында 15 жастағы қазақстандық спортшы Анастасия Городко қола жүлде жеңіп алды. Ол параллельді могулдан үздік үштікке енді. Жас спортшы Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, өз қуанышымен бөлісті.

«Жекелей сыннан гөрі, параллельді могул көбірек ұнайды. Өйткені, мұнда жүлде алатын мүмкіндік көп. Бүгін бәрі ойдағыдай өтті. Әр спортшымен жарысу, оның әлеуетін бақылау маған өте қызық. Алған әсерім тамаша», - дейді Городко.

Айта кетелік, Галышева мен Городко турнирдің ширек финалында кездесіп, Анастасия келесі кезеңге өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер