Әлем футболы

«Барселонаның» жаңа президенті сайланды

«Барселонаның» жаңа президенті сайланды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» жаңа президенті сайланды. Клуб президенті қызметін тағы да 58 жастағы испан заңгері Жоан Лапорта атқарады, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоан Лапорта бұған дейін «Барселона» президенті қызметінде 2003-2010 жылдар арасында жұмыс істеген. Осы жылдары «Барселона» төрт рет Ла Лигада, екі рет Чемпиондар лигасында топ жарған. Жалпы алғанда клуб 12 турнирде жеңіске жеткен.

Клуб президентіне кандидаттар қатарында Виктор Фонт пен Тони Фрейша болды. Сайлау нәтижесі бойынша Лапорта 54,28 пайыз (30 184 дауыс) жинады. Виктор Фонтқа 29,99 (16 679), Тони Фрейшаға 8,58 (4 769) адам дауыс берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер