Тағы да төрешілер. Смағұловқа әділетсіздік жасалды ма?
Жансай Смағұлов дзюдодан Tashkent Grand Slam 2021 турнирінде 73 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Финалда қазақстандық балуан моңғолиялық Цогбатар Ценд Очирге жол берді. Бірақ мамандар мен жанкүйерлер белдесудің нәтижесімен келіспеді. Смағұлов иппон жасаған, бірақ төрешілер оны есептемеді: қазақстандық балуан қарсыласының аяғынан ұстаған-мыс. Осы сылтаумен төрешілер жеңісті моңғолиялыққа берді.
Қазақстандық жанкүйерлер әлеуметтік желіде мұны әділетсіз шешім деп бағалаған. Трибунада отырған жанкүйерлер де ысқырып, нәтижемен келіспегенге ұқсайды.
Отандасымыз турнирде Ұлыбритания, Швейцария, Өзбекстан мен Армения дзюдошыларын жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или