Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің финалына шықты

Жансай Смағұлов  Grand Slam турнирінің финалына шықты

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Жансай Смағұлов ақтық сынға жолдама алды деп жазады Olympic.kz.

Жартылай финалда Жансай армениялық Фердинанд Карапетянмен кездесті. Тартысты жекпе-жектің негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ.

Ал қосымша уақытта Смағұлов "ваззари" ұпайын еншілеп, финалға жолдама алды. Ақтық сында Жансай моңғолиялық Цогбатаар Ценд Очирмен алтын жүлдеге таласады.

Айта кетелік, Смағұлов жартылай финалда белдескен Карапетян өз тобында Олимпиада жүлдегері, әзірбайжандық Рустам Оруджевті жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или