«Маттео Пелликоне»: Ділмұхамедов пен Шадукаев кіші финалда бақ сынайды
<span>Қазақстандық қос балуан «Маттео Пелликоне» жарысының қола жүлдесі үшін белдеседі.</span>
<span>Италияның Рим қаласында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінің іріктеу кезеңдері аяқталды. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасынан 77 келіде Тамерлан Шадукаев пен Асхат Ділмұхамедов кіші финалға шықты. </span>
<span>Тамерлан Шадукаев қола жүлдені АҚШ өкілі Патрик Харрисон Смитпен сарапқа салса, Асхат Ділмұхамедов АҚШ спортшысы Пейтон Берк Уолшпен кездеседі.</span>
<span> Халықаралық «Маттео Пелликоне» додасының финалдық кезеңі бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-де басталады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или