Күрес

Қазақстандық балуандар Италиядағы турнирдің финалында күреседі

Қазақстандық балуандар Италиядағы турнирдің финалында күреседі
news-banner7
mobile-news-top

Италияның Рим қаласында күрес түрлерінен Маттео Пелликоне рейтингілік турнирінің бірінші жарыс күні аяқталуа жақын. Жартылай финал қорытындысы бойынша екі қазақстандық балуан ақтық сынға жолдама алды деп жазады Olympic.kz.

63 келідегі Сұлтан Әсетұлы америкалық Самуэль Ли Джонсты 9:2 есебімен жеңіп, финалға өтті.

Сондай-ақ, осы салмақтағы Айдос Сұлтанғали де ақтық сында белдеседі. Ол жартылай финалда ресейлік Марат Гариповті жеңді. Өз кезегінде Гарипов Мейрамбек Айнағұловтан басым түскен болатын.

Аталған салмақтағы финалдық сында Айдос Сұлтанғали мен Сұлтан Әсетұлы жолығады.

67 келідегі жартылай финалда Мейіржан Шермаханбет пен Алмат Кебіспаев кездескен болатын. Белдесуде 9:0 есебімен Шермаханбет жеңіске жетті. Ақтық белдесуде Мейіржен венгриялық балуанмен жолығады.

Финалдық кездесулер бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер