Футзал

«Бірігіп жұмыс істесек, футзалда тығыз қарым-қатынас орнатуға болады»

«Бірігіп жұмыс істесек, футзалда тығыз қарым-қатынас орнатуға болады»
news-banner7
mobile-news-top

Жақын күндері Иран Ислам Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі болады. Енді бұл елдің спортшылары Қазақстанда легионер болып саналмайды. Prosports.kz аталмыш заң қазақ спортына қалай әсер ететінін зерттеуді жалғастырады.

Ирандағы Varzesh3.com порталының бас редакторы Рахбар Пайманмен байланысқа шықтық. Көптеген спорт түрлерінде Азияда алдыңғы қатарда жүрген елдің спортынан азды-кем ақпарат алғымыз келді.

- ЕАЭО-ға мүше болуды Иран қалай қабылдады?

- Бұл ақпаратты жаңалықтардан естідім. Енді біздің ойыншылар Қазақстанда және экономикалық одақтың басқа елдерінде легионер болып саналмайтынын білемін. Сіздің елдің спортшылары үшін де еліміздің есігі ашық.

Білесіз бе, Қазақстан УЕФА-ға мүше болғанға дейін де Иранмен қарым-қатынасы жақсы еді. Командалар арасында бірнеше есте қаларлық кездесулер өтті. Мысалы, бірінші матчы Қазақстанда, ал екіншісі Тегеранда өткен «Персеполис» - «Қайрат» текетіресі. Ирандағы матч «Персеполис» тарихындағы ең үздік ойындардың бірі.

Алайда, Қазақстан Еуропаға бет бұрғаннан кейін екі ел арасындағы қатынас мүлдем тоқтады. Біз үшін Иранның ЕАЭО-ға кіруі жағымды жаңалық, өйткені қазір ирандық клубтарға шетелдік ойыншылар шақыруға болмайды. Бұл заң осы маусымда күшіне енді. Бірақ ЕАЭО туралы жаңалықтан кейін бәрі жақсы жағына өзгереді деген үміттемін.

- Еуропа футзалында ойып тұрып алатын орыны бар алматылық «Қайратта» отандасыңыз Хоссейн Тайеби ойнады. Ол біздің ел туралы, Қазақстан футзалының деңгейі туралы өз ойымен бөлісті ме?

- Қазір Хоссейн португалиялық «Бенфикада» ойнайды. Шынымды айтсам, оның мансабына аса қатты мән бермегендіктен бе, Тайебиден қазақ футзалы жайлы сұраудың реті келмеді. Бірақ, біздің маңдай алды спортшыларымыздың бірі сіздердің чемпионатты ойнаса, демек Қазақстан футзалының деңгейі өте жоғары деген сөз.

Елдегі экономикалық жағдайға байланысты көптеген ойыншылармыз шетел чемпионаттарына баруға бейім деп айта аламын. Оларға 2-3 мың долллар жалақы төлей алсаңыздар, ойланбай келіседі. Мысалы, бізде шамамен алты-жеті ойыншы Әзірбайжан лигасында ойнайды.

- Еуропада мықты саналатын Қазақстан, Беларусь, Ресей чемпионаттарына иран ойыншылары енді жаппай ағылады деп айтуға бола ма?

- Иранда жақсы ойыншылар бар, бірақ басқа чемпионатқа ауысуымен айналыстан адамдар керек. Журналистер мен агенттер бір жұдырық болып жұмылса, біздің ойыншылар дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын.

Қазақстанда мықты қорғаушылар мен қақпашылар көп екенін білемін. Ал біздің клубтарда бұл позициялар ақсап тұр. Тағы қайталаймын, бірігіп жұмыс істесек, екі елдің футболыңда да , футзалыңда да тығыз қарым-қатынас орнатуға болады. Бұдан бәрі ұтпаса, ешкім ұтылмайды.

- Иранда футзал клубтары қаншалықты мықты?

- Азияда үздік екенімізді мақтанышпен айта аламын. Себебі көптеген ирандық компаниялар біздің футзал клубтарына демеушілік жасайды.

Ұлттық құрамаға келетін болсақ, басты бәсекелесіміз - Жапония.

- Көптеген компаниялар футзалды қаржылай қолдайды деп айттыңыз. Олар футболға да демеушілік жасай ма?

- Иран премьер-лигасында 16 клуб бар. Олардың ішінде 8 клубқа металл және машина жасау саласындағы өте ірі компаниялар демеушілік етеді. Мұнай компаниялары қолдайтын екі команда бар. Ал ең танымал екі команда - «Персеполис» пен «Эстегляль» үкіметке тәуелді. Қалған командаларға демеушілер тікелей клуб иелері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер