Үкімет жанкүйерлердің стадионға кіруіне рұқсат берді! Бірақ клубтар кіргізе ме?

ҚР ведомствоаралық комиссиясы (ВАК) карантинді жеңілдетті. Бұл футбол жанкүйерлер үшін мерекеге тең. Себебі наурызда фанаттар матчтарды стадионнан тамашалай алуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үкімет кафе, мейрамханаға қарағанда ашық стадиондарда коронавирус жұқтыру қаупі төмен екенін түсінген секілді. 1 наурыздан бастап «спорт іс-шараларына» жанкүйер кіргізуге рұқсат берілді. Трибунаны 30 пайызға толтыруға болады.
Бірақ бұл ереже тек «жасыл аймақтағы» қалаларға байланысты. Бүгінгі көрсеткіш бойынша, онда тек бес өңір жоқ.

Бұл бес өңірдің үшеуінде ғана ҚПЛ клубы бар: астанада, Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарында. Егер жағдай өзгермесе, «Астана», «Тобыл» мен «Ақжайық» жанкүйерлері стадионға кіре алмайды. «Қайрат» пен «Қызыл-Жарға» да қауіп төніп тұр – олардың қалалары «сары аймаққа» тым жақын.

Үкімет рұқсат бергенімен, клубтар жанкүйерлерді қабылдауға дайын емес. Бұған «Ақтөбе» басшысы Артур Смағұловтың сөзі дәлел. Бір апта бұрын барлық клуб маусымның басы көрерменсіз өтетініне сенімді болған. Жанкүйер қабылдауға дайындалмады да.
Бірақ ВАК шешімін ертерек шығарды. Енді ҚПЛ клубтарының өз стадиондарын дайындауына үш апта бар. Қазір кіріссе, үлгереді.
*ҚКФЛ мәліметі бойынша