Хоккей

«Ак Барс» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы

«Ак Барс» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» ресейлік «Ак Барспен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кездесу Қазан қаласындаөтеді. «Барыс» қазіргі уақытта Шығыс конференциясында 66 ұпаймен сегізінші орында келеді. «Ак Барс» болса 87 ұпаймен көш бастап тұр.

Командалар осы маусымда өзара үш рет кездесті, оның екеуінде ресейліктер, бір мәрте қазақстандық клуб жеңді.

Матч елорда уақытымен 17:30-да басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан қарауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер