Головкиннің промоутері үш титул үшін әлем чемпионына қарсы өтетін жекпе-жек күнін айтты

Головкиннің промоутері үш титул үшін әлем чемпионына қарсы өтетін жекпе-жек күнін айтты

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының жетекшісі Эдди Хирн орта IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы санатта WBA Super белбеуінің иегері жапон спортшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) болатын жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

<span>«Головкин мен Мурата арасындағы айқас жылдың соңына қарай ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл – әдетте жапондар 31 желтоқсанда өткізетін жекпе-жектің түрі. Біз Мунгиямен де айқас туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз, бұл да керемет кездесу болмақ. Бірақ GGG Муратамен айқасты желтоқсан айында қарастырады деп ойлаймын. Әрине, «Канело» да бұл жекпе-жекті желтоқсан айында нысанаға алады. Алдағы екі аптада не болатынын көрейік», — деп мәлімдеді Хирн IFL.tv-ге берген сұхбатында. </span>

<span>35 жастағы Мурата 2019 жылдың 23 желтоқсанында Йокогамада канадалық Стивен Батлерді (28-3-1, 24 КО) нокаутқа жіберген сәттен бастап шаршы алаңға шыққан жоқ. Головкинге келетін болсақ, ол өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 18 желтоқсанында АҚШ-та өткізді, онда GGG міндетті қарсыласы поляк боксшысы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңген болатын</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или