Әлем футболы

УЕФА Жастар лигасы өтпейтін болды

УЕФА Жастар лигасы өтпейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

COVID-19 пандемиясына байланысты 2020/21 жылғы маусымдағы УЕФА Жастар лигасы өтпейтін болды, деп жазады Prosports.kz.

УЕФА Атқару комитеті бүгін осындай шешім шығарды.

Өткен жлы турнирдің форматын өзгертіп, уақытын кейінге қалдыру туралы шешім қабылданған. Алайда содан бері денсаулық сақтау ұйымдары бүкіл Еуропа бойынша жаңа шектеу шараларын енгізді. Соған байланысты, Қатысушы командалардың жол жүруі қиындады. Тіпті екі клуб турнирге қатыса алмайтын болды.

УЕФА Атқару комитеті турнирдің басталуын бұдан кейінге қалдыру мүмкін еместігін және бірінші кезекте жас футболшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды екенін айтты.

Өкінішке орай, қазіргі жағдайлар Жастар лигасын өткізуге мүмкіндік бермейді. Сол үшін Атқару комитеті осы маусымда УЕФА Жастар лигасын өткізбеуді шешті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер