Хоккей

Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты наурызда басталады

news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер арасындағы ҚР чемпионатының бастапқы кезеңін өткізу 7 және 11 наурыз аралығына жоспарланып отыр.

Кездесулер Алматыда өтеді. Ағымдағы чемпионатта жүлде үшін бес ұжым: алматылық «Айсұлу», нұр-сұлтандық «Томирис», өскемендік «Торпедо», Алматы облысының «Барыс» командасы, алматылық «Жұлдыз» күреседі.

Айта кету керек, Чемпионат ойындары «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес барлық санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар қатаң сақтала отырып, көрерменсіз өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер