Қазақ балуандары Минскіге оқу-жаттығу жиынына аттанады
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының алты мүшесі оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Беларусь астанасы Минскіні бетке алады деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы команда бас бапкері Бақтияр Байсейітов мәлімдеді.
06-21 ақпан аралығына жоспарланған жаттығу жиынына төмендегі спортшылар қатысады:
87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов
97 келі: Ерұлан Ысқақов, Олжас Сырлыбай
130 келі: Әлімхан Сыздықов, Мансұр Шадукаев
Айта кетелік, грек-рим күресінен Қазақстан командасының еншісінде Токио Олимпиадасының екі жолдамасы бар. Балуандар алдағы Азия аймақтық және әлемдік іріктеу турнирінде қалған төрт лицензияны жеңіп алуды көздеп отыр.