Конькимен жүгіруден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы анықталды

Конькимен жүгіруден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы анықталды

Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңдері аяқталып, ақпан айында өтетін әлем чемпионатына жолдама алғандар тізімі анықталды.

Херенвен айдынында сынға түсетіндер қатарында сегіз қазақстандық спортшы бар.

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапынан төмендегі спортшылар әлем чемпионатында бақ сынайды:

Надежда Морозова (1500 м, 3000 м, 5000 м, масс старт);

Екатерина Айдова (500 м, 1000 м, 1500 м); Виталий Щиголев (1500 м, командалық жарыс);

Дмитрий Морозов (масс-старт, командалық жарыс); Роман Креч (500 м, 1000 м);

Демьян Гаврилов (1500 м, командалық жарыс);

Бақдәулет Сағатов (масс старт); Артур Галиев (1000 м).

Конькимен жүгіруден жекелеген қашықтықтар бойынша әлем чемпионаты 11-14 ақпан аралығында Нидерландтың Херенвен қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или