«Бейбарыс» Қазақстан Кубогына қатысудан бас тартты
«Бейбарыс» клубының басшылығы даулы матчтан соң Қазақстан Кубогына қатысудан бас тартты. Бұл туралы Шайба.kz порталы мәлімдеді.
Атыраулық команда Қазақстан хоккей федерациясының шешімімен келіспейді. «Бейбарыс» «Сарыарқаға» қарсы матчтағы төрешілердің қызметіне көңілі толмайтынын мәлімдеген.
Егер «Бейбарыс» Қазақстан Кубогына қатысудан бас тартса Қазақстан хоккей федерациясы команданы 5 жылға турнирден шеттетуі мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или