Ахмедов – Даньо жекпе-жегін қайдан және қашан тамашалауға болады

Ахмедов – Даньо жекпе-жегін қайдан және қашан тамашалауға болады

30 қаңтар күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңертең Мексиканың Куернавака қаласында Садриддин Ахмедовтың (11-0, 10КО) көптен күткен жекпе-жегі өтеді. Оның қарсыласы голландиялық Стивен Даньо (17-3-3, 6KO) болмақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бәске үш орта салмақтағы титул: WBC Francophone, WBA Continental және NABF белбеулері тігіледі. Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық боксшы он раундтық жекпе-жектің айқын фавориті саналады. Ахмедовтың айтуынша, бұл жекпе-жек оның мансабындағы жаңа белеске айналмақ. Даньоны жеңсе, Садриддин орта салмақтағы толыққанды титулды жекпе-жекке жақындай түспек.<br />Қазақстандық рингке соңғы рет 2019 жылдың желтоқсанында, Канадада аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен шығып, жеңіске жеткен.

Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша сенбі күні таңғы сағат 6-да басталады, Ахмедов-Даньо айқасының мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или