Қысқы

Конькимен сырғанаудан әлем кубогы. Қазақстандық споршылар қатыса ма

Конькимен сырғанаудан әлем кубогы. Қазақстандық споршылар қатыса ма
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының соңғы кезеңі өтеді. Аталған жарысқа қазақстандықтар да қатысады деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Жарыс кестесі бойынша бүгін командалық жарыс және масс-старт өтеді.

Ерлер арасындағы командалық жарыста Қазақстан мен Польша құрамалары сынға түседі. Ал масс-старт бәсекесінде Қазақстан атынан Дмитрий Морозов жарыс жолына шығады.

Айта кетелік, аталған әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша ақпан айында өтетін әлем чемпионатына жолдама алған спортшылар анықталады.

Әлем кубогы кезеңі 31 қаңтарға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер