Футзал

Кака «ВитЭнмен» өткен матч пен Чемпиондар лигасының жеребесі жайлы өз ойын айтты

Кака «ВитЭнмен» өткен матч пен Чемпиондар лигасының жеребесі жайлы өз ойын айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында «ВитЭнге» (5: 3) қарсы матчтағы қиындық пен Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребе нәтижесі жайлы өз ойын айтты.

- «Юнайтед Галац» командасы қарсылас атанған кезде қандай сезімде болдыңыз?

- Біздің клубтың аты жазылған шар бірінші шыққан кезде қатты қуандым. Бұл дегеніміз - матчты өз алаңымызда өткіземіз.

- «Юнайтед Галацқа» қарсы арнайы дайындаласыз ба?

- Арнайы дайындық болмайды. Бірақ жаттығулар сәл өзгереді: біз «ВитЭнмен» ойынды талдап, ойынымызды жақсарту керектігін түсіндік.

- Беларусь елінің командасына қарсы ойында команда жеңісті қолдан беріп қоя жаздады. Сол ойыннан қандай сабақ алдыңыз?

- Мен олай айтпас едім. Ия, ойын барысында қарсылас доп айырмашылығын бір голға дейін қысқарта алды, белгілі бір сәтте қобалжу да болды. Бірақ мен олардың өте жоғары деңгейде ойнаған қақпашысын атап өткім келеді.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы матчтар 16-21 ақпан аралығында өтеді. «Қайрат» қарсыласын Алматыда қабылдайды.

Алматылық клубтан басқа тағы бір қазақстандық клуб келесі кезеңге өтті. «Ақтөбе» сенсация жасап, грекиялық АЕК-ті ұтып, 1/8 финалға шықты. Онда ақтөбеліктер словениялық «Добовецпен» кездеседі. Матчтың қай жерде өтетіні әлі нақты емес. Барлығы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер