ММА

UFC 257. Жалғас Жұмағұлов салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

UFC 257. Жалғас Жұмағұлов салмақ өлшеу рәсіміне қатысты
news-banner7
mobile-news-top

Арлан MMA Pro командасының қазақстандық файтері Жалғас Жұмағұлов (13-4) UFC 257 турнирінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның да, қарсыласы Албазидің (13-1) де салмақтары 126 фунт (57,15 килограмм) тартты. Екі спортшы да UFC-дегі екінші жекпе-жектерін өткізбек. Жұмағұловтың алғашқы жекпе-жегі жеңіліспен аяқталды.

Турнир 23 қаңтардан 24 қаңтарға қараған түні Сарбаздар аралында өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье төбелеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер