Алексей Бага «Ақтөбенің» тізгінін ұстады

Алексей Бага «Ақтөбенің» тізгінін ұстады
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» командаға жаңа бас бапкер тағайындалғанын ресми түрде жариялады, бұл беларусь маманы Алексей Бага болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Осыдан бірнеше минут бұрын команданың бас бапкері Алексей Бага Түркиядағы «Ақтөбе» ФК орналасқан жерге келді. Онымен бірге оның көмекшісі Валерий Тарасенко да келді. Команда басшысы Сабыр Азамат клуб басшылығы атынан жаңа бапкерді ойыншылар мен әкімшілікке таныстырды. Ертеңнен бастап беларуссиялық маман жұмысқа кіріседі», - делінген клубтың ресми хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе» Анталияда (Түркия) оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Команда былтыр Премьер-лигаға жолдама алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер